Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Қытай көліктерін ең көп импорттайтын елдердің қатарында

Қазақстан Қытайдан автокөлік импорттайтын елдердің алғашқы ондығына енді, деп хабарлайды alataunews.kz Қытай жеңіл автокөліктер ассоциациясына (CPCA) сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
27.01.2026
Жаңалықтар

Мәліметке сәйкес, 2025 жылы Қазақстан Қытайдан 211 мың 545 автокөлік импорттаған. Осы көрсеткішпен ел қытай көліктерін ең көп сатып алатын мемлекеттердің рейтингінде оныншы орынға жайғасқан.

CPCA дерегінше, 2025 жылы Қытай шетелге жалпы саны 8,32 миллион автокөлік экспорттаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30 пайызға көп.

Экспортталған көліктердің ішінде электрлі және гибридті автокөліктердің үлесі айтарлықтай артқан. Былтыр NEV санатындағы көліктер саны 3,43 миллионға жеткен.

Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы жаңа энергетикалық көліктердің сатылымы 16 пайыздан 70 пайызға дейін күрт көтерілген.

Қытай көліктерін көп импорттайтын мемлекеттердің көшін Мексика, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктері бастап тұр. Қазақстан алғашқы ондықты түйіндеп отыр.

2025 жылғы рейтинг:

  • Мексика – 625 187

  • Ресей – 582 738

  • БАӘ – 571 937

  • Ұлыбритания – 335 551

  • Бразилия – 322 076

  • Сауд Арабиясы – 302 189

  • Бельгия – 300 103

  • Австралия – 297 382

  • Филиппин – 256 681

  • Қазақстан – 211 545

Мәліметте Қытайдың автокөлік экспорты 2025 жылдың қаңтарында күрт өскені атап өтіледі. Алайда ақпаннан сәуірге дейін АҚШ енгізген тарифтердің әсерінен сатылым төмендеген.

Кейін мамырдан қарашаға дейін экспорт қайта қалпына келіп, желтоқсанда пайдаланылған автокөліктердің экспорты күрт артқан.

Экспортталған көліктердің орташа бағасы 16 мың АҚШ доллары болған.

Тегтер: қазақстанҚытай

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz