Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 2027-2029 жылдары 5%-дан жоғарылайды – Жұманғарин

Қазақстан экономикасының орташа жылдық нақты өсімі алдағы үш жылда 5%-дан жоғары деңгейде болады деп болжанып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 25 тамызда өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026
Жаңалықтар

Үкімет отырысында Серік Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын таныстырды. Оның айтуынша, құжат әлемдік экономиканың даму перспективалары мен сыртқы нарықтардағы қазіргі ахуалды ескере отырып әзірленген.

Министр сыртқы экономикалық сын-қатерлердің сақталуына қарамастан, Қазақстан экономикасында оң динамика жалғасатынын атап өтті.

«Сыртқы сын-қатерлердің сақталуына қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуін жалғастырады. Базалық сценарийге сәйкес, 2027-2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 5%-дан жоғары деңгейде болжанып отыр. Номиналды ЖІӨ 2027 жылғы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін ұлғаяды», – деді Серік Жұманғарин.

Осылайша, болжам бойынша үш жыл ішінде Қазақстанның номиналды жалпы ішкі өнімі 45,7 трлн теңгеге артады.

Серік Жұманғарин экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі мұнайға жатпайтын секторлар болатынын айтты. Экономиканың осы салаларындағы өндіріс көлемінің артуы елдегі жалпы экономикалық өсімді қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.

2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы алдағы кезеңдегі ел экономикасының негізгі көрсеткіштері мен даму бағыттарын айқындайды.

Тегтер: Қазақстанүкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz