Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарды

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 32 алтын медальмен аяқтап, жалпы медальдық есепте бірінші орын иеленді. Жарыстың соңғы күнінде ел спортшылары 6 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.09.2026
Жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтті. Жарыс бағдарламасы 1 қыркүйекте басталып, биылғы додаға әлемнің 113 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Олар 43 спорт түрінен жүлделерді сарапқа салды.

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнін медальсыз аяқтағанымен, кейінгі күндері қарқынын айтарлықтай күшейтті. 2 қыркүйекте спортшыларымыз 10 медаль жеңіп алса, 3 қыркүйекте бір күннің өзінде 24 жүлдеге қол жеткізді. Оның 12-сі – алтын, 7-еуі – күміс, 5-еуі – қола.

4 қыркүйекте қазақстандық спортшылар ел қоржынына тағы 21 медаль қосып, жалпы есепте көш бастады. 5 қыркүйекте құрамамыз бір алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді.

Жарыстың шешуші күні де Қазақстан үшін сәтті өтті. Спортшыларымыз 16 медаль – 6 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алды.

Әсіресе ұлттық зияткерлік ойындарда қазақстандықтар жоғары нәтиже көрсетті. Тоғызқұмалақ пен мангалдан 11 медаль, соның ішінде 6 алтын жүлде еншіледі. Көкбөрі мен көкпардан Қазақстан құрамасы күміс медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 74 медальмен аяқтады. Ұлттық құраманың қоржынында 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар.

Жалпы медальдық есепте екінші орын Қырғызстан құрамасына бұйырды. Алаң иелері 30 алтын, 35 күміс және 19 қола – барлығы 84 медаль жеңіп алды. Үшінші орынға 7 алтын, 8 күміс және 21 қола медаль иеленген Ресей құрамасы тұрақтады.

Командалардың жалпы есептегі орны ең алдымен жеңіп алған алтын медаль санына қарай анықталды. Сондықтан Қазақстан жалпы жүлде саны бойынша Қырғызстаннан аз медаль иеленгеніне қарамастан, 32 алтынмен көш бастады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы табысты өнерімен құттықтады. Мемлекет басшысы додада ерекше көзге түскен спортшылардың еңбегі лайықты бағаланатынын атап өтті.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
07.09.2026

Алматы облысында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
07.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
07.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
07.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
07.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz