Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қазақстан автожолдарында «Орташа жылдамдық» жүйесі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда «Орташа жылдамдық» жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтема жасап.

19.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Әзірге бұл ұсыныс басқа мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. «Орташа жылдамдық» жүйесі белгілі бір автотрассаның бойында «Сергек» камераларын орнатуды көздейді. Мысалы, Нұр-Сұлтан — Бурабай тасжолында екі жерге камера орнату жеткілікті болады. Бұл ретте, автокөлік белгілі бір учаскеден шектен асқан жылдамдықпен өтсе, жүргізушіге айыппұл туралы хабарлама келеді», — деді Жандос Мұратәлиев.

Еске салайық, қазіргі таңда балалардың жазғы демалысы мен жол қозғалысының жиілеуіне байланысты елде қауіпсіздік айлығы басталды. Әсіресе түнгі уақыттағы жол қозғалысына бақылау күшейтілді.

“Тек өткен демалыс күндері 80-нен астам жол-көлік оқиғасы болып, 20-дан астам адам қаза тапқан. Бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілері. Осы жол апаттарын талдау нәтижесінде көргеніміздей, мысалы, бес орын қарастырылған жеңіл автокөлікте жеті-сегіз адам, бес ересек және екі-үш бала қаза тапқан», — деді Жандос Мұратәлиев.

Жол полициясы еліміздегі жол ережелерін сақтауда бірқатар шараларды күшейтуді жоспарлап отыр.

Тегтер: жүйеҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

«Жүрегімде мәңгі қалатын мекен»: Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының халқымен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Бектенов Шыңғыс Әріновті таныстырып, негізгі міндеттерді атады

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
04.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz