Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қазақстан аруы — 2022»: 3 млн теңгелік тәж, 5 млн теңге ақша, университетте тегін білім

"Қазақстан аруы" байқауының жеңімпазы басына 3-5 миллиондық тәж киеді. 18 қарашада Алматыда "Қазақстан аруы - 2022" байқауы өтеді. Бұл туралы республикалық байқаудың ұйымдастырушылары айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

10.11.2022
Жаңалықтар

«Қазақстан аруы — 2022» байқауы 18 қарашада сағат кешкі 20:00-де республика сарайында өтеді. Байқауға республикадан ең мықты деген 23 үміткер қатысады. Шілде айында басталған кастинг талабы бойынша 17-25 жастағы арулар таңдалды. Бойы 165-182 см болу керек. Ұйымдастырушылар сөз сөйлеу, жүріс-тұрысы, тіл білімі, рухани сауаттылығы бойынша аруларды дайындайды.

«Байқау сапалы болу үшін ұйымдастырушыларға да қатысушыларға да қойылатын талаптар артқан. Негізгі талап – этникалық құндылықтарын сақтау, қазақ қызы деген атқа лайық аруды таңдау. Сол арқылы басқа қазақ қызына үлгі көрсету. Еліміз үшін маңызды шараларды қолдаймыз және әлемге танытамыз. Жеңімпаз Қазақстанның бет-беделі болу керек. Жаңа Қазақстанға, Жаңа Қазақстан аруына сенеміз», — дейді «Қазақстан аруы» байқауының президенті Айдай Исаева.

Алматы әкімдігі байқауды республика сарайында өткізуге рұқсат берген. Ұйымдастырушылар мемлекеттен бұдан басқа көмек алмаған. Байқау жеңімпаздары бес номинация бойынша марапатталады. Бір номинация дауыс беру арқылы анықталады. Яғни, көрермендер QR код арқылы дауыс береді.

«Алғаш байқау туралы естігенімде сондай қызықтым, таңғалдым. Біз 10 күн дайындық кезінде аруларды барынша дамытуды мақсат тұтып отырмыз. Қимыл әрекетін, жеке бас сапасын, рухани тұрғыдан дамытамыз. Қыздармен психологтар, жаттықтырушылар жұмыс істейді. Жаттығу жұмыстары арнайы лагерьде өтеді. Бұл ең мықты жоба болады», — дейді фитнес директор Георгий Дубинин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыздар әлемдік байқауда биіктен көрінетіндей болуы керек.

Ал бас жүлдені иеленген аруға 5 млн беріледі және Тұран университетінде кез келген мамандықта тегін оқиды, сондай-ақ жеңімпаз құны 3-5 миллион теңгенің тәжін киеді.

«Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары толық ауысқан. Байқау әділ болу үшін өзге елден де мамандар шақырылған.

Тегтер: Қазақстан аруы

Соңғы жаңалықтар

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

19 адам уланған: Боралдайдағы қоғамдық тамақтану орны тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz