Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазан айынан бері 1 миллионнан астам қазақстандық ЖРВИ жұқтырған

Елімізде тұмау және ЖРВИ-дің таралуына мониторинг жүргізіліп жатыр.

09.11.2022
Жаңалықтар

«Жыл сайын қазан мен сәуір аралығы — жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау өршитін маусым. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша биыл эпидемиялық маусымда вирустың үш штамы өзекті. Ол A (H1N1), A (H3N2) және B штамы. Сондықтан биылғы вакцина құрамына бұл штамдар енгізілген. Елімізде ЖРВИ және тұмаудың таралу жағдайын мониторингілеу жыл сайын 1 қазан мен 30 сәуір аралығында жүргізіледі. Биыл эпидемиялық маусым басталғалы (2022 жылғы 1 қазаннан бастап) 1 млн 27 мың ЖРВИ жағдайы тіркелді», — деді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ маусым басталғалы 865 адам тұмауға шалдыққан. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 341 бала бар.

«Жыл сайын тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық іс-шаралар тұрақты өтіп тұрады. Биыл 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің биылғы эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы шықты. Оған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы пысықталды. Сонымен қатар зертханалардың тұмау, ЖРВИ және басқа вирустар бойынша зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді», — дейді ол.

Тегтер: ЖРВИҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz