Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қаза тапқан бүлдіршін Мәдина Ерланқызының отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

11.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін орны толмас қайғы. Біз бәріміз бала тірі және аман-есен табылады деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, олай болмады», — деп жазды Қостанай облысының әкімі.

Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, материалдық көмек көрсету бойынша тапсырма берді.

Еске салайық, 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Бала 18 және 13 жастағы өз әпкелерінің бақылауында болған. Олар таңертең оянғанда баланы таппай қалған.

10 тамыз күні кешке қыздың денесін Жамбыл ауылынан үш шақырым жерде орналасқан жасанды арнадан квадрокоптердің көмегімен тапқан болатын.

Оны іздеуге 500-ден астам полиция қызметкерлері, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекара әскерлерінің әскери қызметшілері қосылды. Жамбыл ауылына жақын көшелерден мыңдаған адам кішкентай қызды іздеген еді.

Тегтер: көмек

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Акжаркын
26.11.2026

Алматы облысында құны 30 млн долларды құрайтын жаңа өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Акжаркын
26.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
26.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
26.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
26.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz