Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қатерлі ісік статистикасы: 2025 жылы 13 886 адам қайтыс болды

Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, 2025 жылы елімізде қатерлі ісіктен 13 886 адам қайтыс болған.

«Бұл үрдіс сақталып отыр. Жыл сайын елімізде түрлі қатерлі ісік түрлерінен 13–15 мың адам көз жұмады», – деді ол.

Спикердің сөзінше, медицина саласы дамыған сайын ауруды анықтау жиілігі де артып келеді.

«Қазақстанда жыл сайын шамамен 41 мың адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады. Бұл дегеніміз – күніне орта есеппен 113 жаңа науқас анықталады деген сөз. Қазіргі таңда онкологиялық аурулар бойынша есепте 234 мың адам тіркелген», – деді Байжүнісов.

Ол бұл көрсеткіштер кең ауқымды скринингтік тексерулер мен ерте диагностиканың нәтижесі екенін атап өтті. Мамандардың айтуынша, қатерлі ісік неғұрлым ерте кезеңде анықталса, науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен тірі қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

«Соңғы жылдары бұл көрсеткіштер жақсарып келеді, және бұл – сөзсіз маңызды жетістік», – деп қорытындылады спикер.

Тегтер: денсаулық сақтауқатерлі ісік

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz