Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары тізіміне енді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен отандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның жыл сайынғы тізіміне енді, деп хабарлайды Alataunews.kz "The Muslim 500" басылымына сілтеме жасап.

10.11.2022
Жаңалықтар

Басылымда Тоқаевтың аты «Саясат» бөлімінде, ал Димаштың есімі «Өнер және мәдениет» бөлімінде көрсетілген.

«Саясат» бөлімінде Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы былай делінген:

«Президент Тоқаев реформаларды бірте-бірте жүзеге асырып, елді демократиялық және транспарентті мемлекетке апара жатыр. 2022 жылдың қаңтарында бірнеше зорлық-зомбылық ошақтары болды, бірақ маусымдағы референдум президентке реформаларды жалғастыру мандатын берді. Маңызды реформалардың қатарында президенттік басқаруды бір реттік 7 жылдық мерзімге шектеу кіреді (бұрынғы президент 5 рет қайта сайланды) және елорданың бастапқы атауы Астананы қайтарды. 2019 жылы ол тұңғыш президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертілген болатын», – делінген сайтта.

Сонымен қатар, «Өнер және мәдениет» айдарында Димаш Құдайбергеннің есімі шықты.

«Бастан сопраноға дейінгі кең вокалдық диапазоны бар әнші, бірнеше әннің авторы және мультиинструменталист. Ол Қытайдағы танымал ән шоуына қатысып бір түнде сенсацияға айналды және содан бері үлкен атақ-даңққа ие. Қытайда, Ресейде, Дубайда және өзінің туған елі Қазақстанда ән өнеріндегі ірі марапаттарды жеңіп алды. Ол елінде қайырымдылық жұмыстарымен танымал. Ал туған қаласы Ақтөбеде жақында оның құрметіне мұражай ашылғаны белгілі болды», – деп жазды басылым.

Тегтер: Димаш ҚұдайбергенҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz