Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

ТЖМ басшысы генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жібек жолы ауылында жаңа өрт сөндіру депосын ашты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұған дейін ауылда жеке өрт сөндіру бөлімшесі болған жоқ. Енді жаңа депо Қарасай ауданындағы 83 мыңнан астам адам тұратын 14 елді мекенге жедел ден қоюды және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтық қорғау жүйесін нығайту, заманауи өрт сөндіру және құтқару инфрақұрылымын дамыту, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Өрт сөндіру депосы жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынып, заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Ғимаратта заманауи байланыс құралдарымен жабдықталған диспетчерлік бөлме, өрт сөндіру техникасына арналған гараж бокстары, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті және тәулік бойы кезекшілік атқаруға қажетті барлық инженерлік коммуникациялар қарастырылған. Жеке құрамның дене даярлығын жетілдіру мақсатында заманауи спорттық жаттығу құралдарымен жабдықталған Batyr Team жаттығу залы да жасақталған. Депо аумағында қызметкерлердің спортпен шұғылданып, дене дайындығын қалыпта ұстауы үшін футбол алаңы да жабдықталған.

Іс-шара соңында Шыңғыс Әрінов бөлімшеге жаңа өрт сөндіру депосының және жаңа өрт сөндіру автоцистернасының кілттерін табыстады. Сонымен қатар адал қызметі мен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өзге де ұйымдардың қызметкерлері ТЖМ-нің ведомстволық наградаларымен және Алматы облысы әкімінің марапаттарымен марапатталды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
19.08.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Диана Ахметова
19.08.2026

Жол жүру ережесін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі

Диана Ахметова
19.08.2026

Таза Қазақстан – жарқын болашақтың бастауы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz