ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 3 шілде күні сағат 15:00 шамасында Қарағанды қаласының орталығында болған.
«11 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетіп, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп айтты ПД өкілдері.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр халде екенін айтты.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.