Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Қызылорда облысында 122 адам рақымшылыққа ұсынылды

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 122 адам рақымшылыққа ұсынылды. Бұл туралы Alataunews.kz облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

30.11.2022
Жаңалықтар

«Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД аудандық және қалалық пробация қызметі 122 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жолдады. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

«Қазіргі таңда 9 сотталғанның іс-құжаттары қаралып, 7 сотталғанның негізгі жазасы төрттен үшке қысқартылып, екі сотталғанды жаза мерзімінен босату жөнінде сот шешімімен қаулы шығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Ал, қалған 113 сотталғанның материалдары сот өндірісінде. Осыған дейін есептегі сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты айтылды», — деді пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы, әділет майоры Ғаламат Құлманов.

Еске салсақ, 2 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын.

Тегтер: қаңтар оқиғасыҚызылордарақымшылық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz