Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: 1520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін

Бұл туралы Бас прокуратураның ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңына сүйене отырып жасаған жаңа құжатында көрсетілген. Аталған құжат ашық талқыға салынды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

24.09.2022
Жаңалықтар

«Қаңтардағы оқиғалар бойынша іс жүргізуде рақымшылық жасауға жататын 391 қылмыстық іс бар. Олар бойынша 383 күдікті айыпталушы ретінде өтіп жатыр. Бұлтартпау шаралары бойынша: ешқайда кетпейтіні туралы қолхат – 153, күзетпен ұстау – 147 адам, үйқамаққа алу – 24, кепіл – 19, жеке кепілгерлік – 2, бұлтартпау шарасы таңдалмаған – 28, іздеуде – 10. Сондай-ақ, соттың іс жүргізуінде 102 адамға 36 іс бар. Сотталғандар — 1 035, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер – 93, пробацияда — 930, айыппұл тағайындалды – 3, қоғамдық жұмыстар – 9. Ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мәселені шешу үшін ұсынылатын реттеу – рақымшылық жариялау», — деп көрсетілген құжатта.

Бас прокуратура ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды ұсынып отыр.

Ал ауыр және аса ауыр қылмысқа барғандардың жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Осы орайда мемлекетке опасыздық жасау, жаппай тәртіпсіздік, сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырған, террористік және экстремистік қылмыс жасаған, азаптаған және қылмысқа қайта барған азаматтарға рақымшылық жасалмайды.

Ұсынылып отырған консультативтік құжатты талқылау 14 қазанға дейін жалғасады.

Тегтер: қаңтар оқиғасырақымшылық

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz