Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қайыңды көліне апаратын жаңа жол тамызда пайдалануға беріледі

Алматы облысындағы еліміздің ең көрікті туристік бағыттарының бірі – Қайыңды көліне апаратын автомобиль жолының құрылысы тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Бұған дейін жүруге қолайсыз болған ойлы-қырлы тау жолы толық тегістеліп, жол төсемін дайындау жұмыстары тәмамдалған. Қазір құрылысшылар асфальт төсеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін жол бойына жоспарланған 42 су өткізгіш құбырдың барлығы толық орнатылып, 2,5 шақырым бөлігіне асфальт төселген.

Жобаның жалпы ұзындығы – 10 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 2,43 млрд теңгені құрайды. Ал биыл оны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 374,9 млн теңге бөлінген.

Бұл жоба өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, туристік әлеуетін арттыруға да серпін береді. Жаңа жол іске қосылғаннан кейін Қайыңды көліне қатынау әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз болады. Нәтижесінде табиғаттың бірегей жауһарын тамашалауға келетін отандық және шетелдік туристердің саны артып, өңірдегі туризмнің дамуына жаңа мүмкіндік ашылады.

Жолдың пайдалануға берілуі саяхатшылардың жол жүру уақытын қысқартып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдің туристік инфрақұрылымының сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауылдық округтердің дамуы мен сайлауға дайындық мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
09.08.2026

Алматы облысында жолдағы қауіпті учаскелер бақылауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Creative Aimaq: Астанада Алматы облысының креативті жәрмеңкесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысының биік тауында жарақат алған Германия азаматы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026

Алматы облысында 123 млрд теңгеге 106 нысан салынады

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz