Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қайрат» пен «Реал» ойынындағы нағыз жұлдыздар – балалар үйінің балалары болды

Мөлдір Иманмади
03.10.2025
Жаңалықтар, Қоғам
Фотосуреттерді ұсынған: "Қайрат" ФК. Коллаж: Alataunews.kz.

Фотосуреттерді ұсынған: "Қайрат" ФК. Коллаж: Alataunews.kz.

Матч басында жанкүйерлерді елжіреткен тәтті көрініске барлығыңыз куә болған шығарсыздар. Бұл балапандар ешқандайда “дөкейдің” балалары емес, Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №2 арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының балалары екен. Олар «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчта футболшылармен бірге алаңға шықты.

Бұл ақпаратты Instagram желісінде блогер Толғанай Сейдахмет жариялады. Ол матчқа қатыспағанымен, кейін интернетте тараған суреттерден балаларды бірден танып, қуанышын көпшілікпен бөліскен.

“Стадионға Кайратпен шыққан кішкентай балалар біз жазда барған Мейірім балалар үйінің балапандары екен ғой. Бәсе түрлері таныс. Қатты қуанып тұрмын, бұл балапандар үшін ерекше сәт қой”, — деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, көпшілік Қайрат пен Реалдың матчында алаңға спортшылармен бірге шыққан қай шенеуніктің балалары екен немесе қанша ақша төлеген екен деген пікірлер көп болған. Сондықтан осындай бейнежазба қалдыруды жөн көріпті. Сонымен қатар, балаларға осындай мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Фотосуретте Толғанай Сейдахмет пен еріктілер тобы және балаларды қолдау орталығының балалары

Айта кетейік, Толғанай Сейдахмет 23 жастағы жеке кәсіпкер әрі блогер. Ол аталған балаларды қолдау орталығына ерікті ретінде жиі барып тұрады екен. Соңғы рет 2025 жылдың 27 шілдесінде балаларды Алма-Арасанға тауға апарып демалып қайтыпты. Жас блогердің пікірінше, мекемеде өзге ұлттың балалары көп болса да, барлығы дерлік қазақша сайрап тұр.

Еске салсақ, 30 қыркүйек күні Алматыда «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны өтті. Кездесу қорытындысы 5:0 есебінде Реалдың пайдасына болды.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚайрат-Реалфутбол

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области привели в порядок водохранилище Курты

Николай Иващенко
02.05.2026

Чистота – общая ответственность: в Байсерке прошел областной субботник в рамках акции «Таза Казахстан»

Николай Иващенко
02.05.2026

Какая погода будет на майские праздники в Алматинской области

Николай Иващенко
02.05.2026

Спасатели МЧС провели ночную операцию по эвакуации несовершеннолетних туристов

Николай Иващенко
02.05.2026

Более 300 фактов незаконного вывоза топлива выявили в Жамбылской области с начала года

Николай Иващенко
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz