Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Пробация есебіндегі 32 сотталғанға электронды білезік тағылды

Қызылордада пробация қызметінің есебіндегі 32 сотталғанға электронды білезік тағылды, деп хабарлайды Alataunews. kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

21.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Электронды бақылау құралы ең алдымен жаза өтеу тәртібін үнемі бұзып, қайта қылмыс жасаған сотталғандарға тағылды. Соның бірі — Қармақшы аудандық пробация есебіндегі А. есімді жазасын өтеуші. Ол әкімшілік аумақтық бірлік шегінен тыс жерге кетіп, бірнеше рет жаза өтеу шарттарын бұзған. Ендігі жерде сотталғанды жаза өтеу мерзімі аяқталғанға дейін электронды білезік құралы арқылы бақылап, күндізгі және түнгі мезгілде қадағалау жұмыстары жеңілдей түспек. Келесі сотталған да Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі азамат ҚР ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігімен сот үкімімен кінәлі деп танылып үш жыл шартты жазаға сотты болып, пробация есебінде жүріп, тәртіп бұзғаны үшін жаза мерзімі үш айға ұзартылған.

«Бұл азаматқа да электронды білезік тағылды. Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта жасауы мүмкін қылмыстың алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды. Егер, сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса, немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі. Білезіктің белбеуі оңайлықпен кесілмейді, ішінде темір сымы бар. Су өтпейді. Қуаты біржарым күнге дейін жетеді. Сотталғанға құралды сымсыз қуаттандыратын арнайы қуат көзі де берілді. Білезікті таққаннан кейін ол жайында ақпарат компьютерде пайда болады. Қайда барғанын, жүргенін бәрін көріп отырамыз», – дейді пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы Сәбигүл Тлеуова.

Білезіктер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, криминогендік ахуалды жақсартуға септігін тигізеді

Тегтер: электронды

Соңғы жаңалықтар

Астанада Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында құрылыс базарында өрт шықты

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында 154 көшеге соғыс ардагерлерінің есімін беру ұсынылды

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында жоғалған 14 жасар қыз аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

Алматы облысында казино мен букмекерлік кеңселерге жаңа шектеу енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
27.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz