Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел егемендігін нығайтып, келер ұрпаққа қуатты мемлекет қалдыруды стратегиялық міндет деп атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы әлемдегі құбылмалы жағдайға қарамастан, Қазақстан кең ауқымды саяси реформаны іске асырғанын атап өтті.

«Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды. Бұл – дүние жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта да ел егемендігін нығайту қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл әлемдегі бұлыңғыр ахуалда ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, өсіп-өркендеуді білдіреді.

«Осы жолда бүкіл қоғам, соның ішінде отаншыл, белсенді, білімді азаматтар қарқынды еңбек етуі керек. Құрылтай депутаттарына да үмітім зор», – деді мемлекет басшысы.

Президент бұл міндетті орындауда мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау мекемелерінің рөлі аса маңызды екеніне тоқталды.

«Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, яғни біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұны ұлт алдында тұрған нағыз стратегиялық міндет деп атады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Жаңа Конституция: адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты құндылығы

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz