Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент үш өңірдегі облыстық сот төрағаларын жаңадан тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 19 сәуірде Жарлық ете отырып, үш өңірдегі облыстық сот судьяларын жаңадан тағайындады, сондай-ақ Әскери соттың төрағасы да ауысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Президент Жарлығымен Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне Ербол Рахымбеков тағайындалды. Оның орнын алдында Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған Әділхан Шайхисламұлы басты.

Президент Жарлығымен Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Түркістан облыстық сотының төрағасы қызметіне Айдос Сұлтанов тағайындалды.

Сондай-ақ ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы қызметіне Ғалымжан Нәсірдінов тағайындалды.

Тоқаев Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Талғат Ибрашевты тағайындады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Рахметуллина Назгүл Мәуілханқызы тағайындалды.

Тегтер: тағайындау

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz