Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент: «Тіл – алауыздық құралы емес, бірлік пен тұтастықтың тірегі»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2025
Жаңалықтар

Президенттің айтуынша, бүгінде мектеп түлектерінің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырып жатыр. Сонымен қатар, биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде білім алатын болады.

«Әр азаматты белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеу – орынсыз. Қазақстанда ешкімді мінберде, күнделікті өмірде «мына тілде сөйле» деп күштеп айтуға болмайды. Тіл мәселесін саяси құралға айналдырып, қоғамда алауыздық туғызуға тырысатын кез келген әрекетке заң аясында қатаң тосқауыл қойылады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл ретте шетелде отырып, түрлі ұйымдардың тапсырмасымен ел ішіне іріткі салуға тырысатын деструктивті күштерге де назар аударды. Оның айтуынша, былтыр Ұлттық құрылтай отырысында айтылған бірлік, отаншылдық, тәуелсіздік және келісім – мемлекеттің басты құндылықтары, ал осы қағидаларға қайшы әрекет еткендер заң алдында жауап береді.

«Халқымыздың татулығын бұзуға бағытталған кез келген арандатушылық заңмен жазалануы тиіс. Ал ел бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар әрдайым құрметке лайық», – деп түйіндеді Президент.

Тегтер: қазақстанҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Алматы облысында заңсыз алкоголь саудасына қарсы күрес күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Ирандық компания Алматы облысында ірімшік зауытын салады

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

Әлеуметтік желідегі видеодан кейін «ҚазАвтоЖол» түсініктеме берді

Қорлан Нұрланқызы
14.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz