Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент Алматы облысындағы GREEN ECO жылыжайының жұмысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ауыл шаруашылығы және көгалдандыру саласындағы бірқатар ірі жобалардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы алдымен таза әрі пайдалы жапырақты көкөністер өсіретін GREEN ECO заманауи жылыжай кешеніне барды. Президентке кәсіпорында қолданылатын технологиялар мен өндірістік үдерістер таныстырылды.

Кешенде барлық өнім химиялық өңдеусіз, тыңайтқыштар мен пестицидтер қолданбай өсіріледі. Қазіргі уақытта кәсіпорында 160 адам еңбек етеді. Мұнда өндірілген өнімдер Қазақстанның 10 қаласына жеткізіліп, тұтынушыларға ұсынылады.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукоморье» тұқымбағы мен бақ орталығын да аралап көрді. Бұл – автоматтандырылған жүйе арқылы жылына 1,5 миллион түпке дейін ағаш, сәндік бұта мен гүл өсіруге қауқарлы еліміздегі ірі орталықтардың бірі.

Орталықта өсірілген өнімдер Қазақстанның барлық өңірінде сұранысқа ие. Сонымен қатар көшеттер мен сәндік өсімдіктер Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.

Мемлекет басшысына сондай-ақ Turanga сәндік өсімдіктер тұқымбағын құру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Жоба толық іске қосылған кезде мұнда 130 мыңға жуық ағаш және 3,5 миллион түп сәндік бұта өсіру жоспарланып отыр.

Президент өңірдегі заманауи агроөнеркәсіптік және экологиялық жобалардың даму барысымен танысып, олардың ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті арттыруға қосатын үлесін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz