Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент Alatau City үшін ашық әрі сапалы құқықтық негіз қажет екенін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте арнаулы құқықтық режимді енгізумен қатар, оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа қаланы дамыту үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастырылғанын, алайда бұл өздігінен табысқа кепіл бола алмайтынын айтты.

«Біз Конституциялық заң арқылы қаланы қарқынды дамыту үшін мықты құқықтық негіз қаладық. Бірақ «арнаулы құқықтық режим бар, енді міндетті түрде табысқа жетеміз» деп ойлау қателік болар еді», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік тәжірибеде арнайы құқықтық режим енгізілгенімен, күткен нәтижеге қол жеткізе алмаған экономикалық аймақтар аз болмағанын атап өтті.

«Өйткені дәл осындай режим енгізілген экономикалық аймақтардың талай рет іс жүзінде нақты нәтиже бермегені белгілі. Сапалы институттар, ашық әрі тұрақты ережелер, дербес реттеу тетіктері болған жоқ. Соның салдарынан көптеген жоба ойдағыдай жүзеге асырылмай қалды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай тәжірибеден сабақ алып, құқықтық жүйені тиімді құру қажеттігін айтты.

Оның сөзінше, арнаулы режимнің толыққанды жұмыс істеуі үшін қаланың экономикалық және қоғамдық өмірін реттейтін біртұтас заңнамалық база қалыптастырылуы қажет.

«Арнаулы режим тиімді жұмыс істеуі үшін біртұтас заңнама жүйесі қажет. Қаланың іскерлік белсенділігіне және күнделікті тіршілігіне қатысты мәселелерді реттейтін ашық, айқын әрі сапалы құқықтық негіз болуға тиіс», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысты екі деңгейде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Біріншісі – қаланың даму қағидаттарын айқындайтын конституциялық деңгей болса, екіншісі – экономикалық қызметтің әр бағыты бойынша нақты құқықтық тетіктерді қалыптастыру.

«Бұл жұмысты екі деңгейде атқару қажет. Біріншісі – негізгі қағидаларды белгілейтін конституциялық деңгей. Бұл мәселе өз шешімін тапты. Ал екіншісі – құқықтық реттеу деңгейі, яғни экономикалық қызметтің әр саласы бойынша нақты заңнамалық тетіктер айқындалады», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Алматы облысындағы GREEN ECO жылыжайының жұмысымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысындағы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Президент Алматы облысының әлеуетіне жоғары баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz