Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент Alatau City бойынша заңнамалық жұмысты жеделдетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жобаны іске асыру үшін қажетті заңнамалық базаны қалыптастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жаңа қаланы дамытуға арналған құқықтық жүйе тұрақтылықты қамтамасыз етіп, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауға тиіс екенін атап өтті.

«Түптеп келгенде, мұндай жұмыс жүйесі құқықтық тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді және орынсыз заңнамалық өзгерістерден қорғап, жедел және тез шешімдер қабылдауға ықпал етеді», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Alatau City жобасына қатысты реттеу актілерін әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибені ескеру маңызды.

«Алатау жобасына қатысты реттеу актілерін әзірлеу барысында міндетті түрде осындай құқықтық жүйелерді құру ісінде мол тәжірибесі бар білікті шетелдік сарапшыларды тарту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің мәліметінше, қала әкімдігі негізгі нормативтік-құқықтық актілердің барлығын бір жыл ішінде қабылдауды жоспарлап отыр. Алайда бұл жұмыстарды созуға болмайды.

«Қаланы дамыту жөніндегі кеңес бұл істі мейлінше тез қолға алуы керек. Жұмысты соза беруге болмайды. Әйтпесе, инвестициядан құр қаламыз. Бизнес өкілдері де бізге сеніп отыр, сондықтан бұл жұмысқа нұқсан келтіруге болмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент халықаралық инвесторлар ұзақ күтпейтінін және инвестициялық шешімдерді жылдам қабылдайтынын ескертті.

«Халықаралық инвесторлар қолайлы жағдай жасайды деп, жылдар бойы күтіп отырмайды. Олар қай жерде мол мүмкіндік болса, соған сай бірден шұғыл шешім қабылдайды», – деді ол.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Alatau City жобасының құқықтық базасын қалыптастыру стратегиялық маңызға ие міндет екенін айтты.

«Алатау жобасына қатысты заңнамалық жұмыс жылдам әрі сапалы жүргізілуге тиіс. Бұл – аса маңызды стратегиялық міндет», – деп түйіндеді Президент.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Алматы облысындағы GREEN ECO жылыжайының жұмысымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысындағы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Президент Алматы облысының әлеуетіне жоғары баға берді

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
02.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz