Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-Министр Қазақстандағы жолдардың жөнделуін сынға алды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі жолдарды жөндеуді сынға алды.

18.01.2023
Жаңалықтар

«Автожолдардың жағдайы халықтың наразылығын тудырып отыр. Жолдарды жөндеу керек. Адам өлімімен аяқталатын апаттар жиі болып жатыр. Сонымен қатар, жөндеу сапасы сын көтермейді. Жөнделген жерлерде проблемалар қайтадан болып жатыр», — деді Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқасында.

Ол индустрия министрлігінің басшысы Марат Қарабаевқа жөндеу мәселесін ерекше бақылауға алуды, тиімді жоспарлауды, келісімшарттарды, авторлық және техникалық қадағалауды біріктіруді, цифрландыруды және т.б. шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін республикалық желінің 8 мың шақырымын салу және реконструкциялау және жергілікті желінің 14 мың шақырымын жөндеу міндетін қойды. Бұл айтарлықтай көлем, сондықтан бәрін сапалы және уақытында орындау үшін бар күш-жігерді салу керек. Министрлік «Жезқазған-Қарағанды», «Семей-Өскемен», «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Ұлғайсын» жобалары бойынша қаржыландыру тетіктерін айқындауы қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар, индустрия министрлігінің алқа отырысында биыл 10 мың шақырымнан астам автожол жол жұмыстарының барлық түрлерімен қамтылатыны белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, биыл республикалық желінің жолдарында 7,3 мың км, жергілікті желіде 3,2 мың км қайта құру және салу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің шығыс өңірінде «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық» сияқты ірі автожол жобалары жүзеге асырылып жатыр. Биыл ұзындығы 180 км «Үшарал-Достық» учаскесінде жұмыстарды толық аяқтау жоспарланған. Қалған учаскелер бойынша 2024 жылы пайдалануға бере отырып, жаңа жабын бойынша қозғалыс ашу жоспарланып отыр.

«Қызылорда-Жезқазған» жол учаскесі туралы айта келе, вице-министр биылғы жылы Ұлытау облысы бойынша жұмыстар басталатынын атап өтті. Сондай-ақ, «Жезқазған-Қарағанды» жобасы бойынша жұмыстар басталады.

Тегтер: Әлихан СмайыловжолҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында жаңа тренд: сенбілікке отбасымен қатысатындар көбейді

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2026

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 80

Алматы облысында 52 миллион көшет отырғызу жоспарланған

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Алматы агломерациясын дамыту: газ, жол және жаңа мектептер мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

Қонаевта 30 жыл жиналған қоқыс үйінділері тазартылды

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz