Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-министр АЭС бойынша тапсырма берді

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.02.2025
Жаңалықтар
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.

«Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымы қарастырылып жатыр», — делінген хабарламада.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады.

Премьер-министр АЭС салу мәселесінде еліміз үшін барынша экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екеніне тоқталды. Жеткізушіні таңдауда ел ішіндегі құндылықты арттыруға, өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беру тапсырылды.

Сондай-ақ атом ғылымын, сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамытудың келешегін талқылады. «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС басшысы Тимур Жантикин, Ұлттық ядролық орталығының басшысы Эрлан Батырбеков, Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев өздерінің сараптамалық көзқарастарымен бөлісті.

Тегтер: ҚР Премьер-Министріүкімет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz