Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Полиция қазақстандықтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды

Қазақстанда жол-көлік апаттарының саны азаймай отыр. Полиция мәліметінше, жыл басынан бері тек Алматы қаласының өзінде 4 мыңнан астам жол апаты тіркелген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2025
Жаңалықтар

Соның салдарынан 5 мыңнан астам адам зардап шексе, өкінішке қарай, 45 адам қаза тапқан.

Құ lawбақшыларды әсіресе балалардың жол апатына жиі ұшырауы қатты алаңдатуда. Осыған байланысты тәртіп сақшылары барша қазақстандықты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы бөлімінің бастығы Ержан Шайхиев апаттардың негізгі себептеріне тоқталды.

«Жол-көлік оқиғаларының басты себептері – жылдамдықты асыру, арақашықтықты сақтамау, маневр жасау кезінде ережені бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінде тәртіп сақтамау. Мұндай жағдайлардың барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау арқылы болдырмауға болады», – деді ол.

Сонымен қатар, полиция өкілі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға үндеді.

«Есіңізде болсын: рөлге отырған әрбір адам тек өзінің ғана емес, айналасындағы жандардың да қауіпсіздігіне жауапты. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды саналы әрекетке және ережелерді бұлжытпай сақтауға шақырады», – деп түйіндеді Ержан Шайхиев.

Тегтер: жол ережесіқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

«Жүрегімде мәңгі қалатын мекен»: Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының халқымен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Бектенов Шыңғыс Әріновті таныстырып, негізгі міндеттерді атады

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
04.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
04.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz