Сотқа дейінгі тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізді. Кәсіпкерден пара алды деп күдікке ілінген мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы кінәсін мойындады.
2022 жылғы 9 маусымда Самал Бегалинова ЖК басшысынан шарт жасасқаны үшін 1 млн теңге пара алған. Компания Павлодар мектебіне Әлихан Бөкейхановтың бюстін дайындауы керек болған және Самал Бегалинова оны кедергісіз қабылдауға келіскен.
«Сот Самал Бегалинованы ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің заттай дәлелдемелерді сақтау камерасында тұрған миллион теңгені тәркілеу туралы үкім шығарды», — деп хабарлады №2 Павлодар сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.
Сонымен қатар, ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласы (12 және 4 жастағы) болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу оған 5 жылға кейінге қалдырылды (ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде).
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.