Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодар облысындағы дала өртін сөндіру толығымен оқшауланды – ТЖМ басшысы

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2024
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы дала өрті толық локализацияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Үкімет отырысында министр өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін министрліктің жедел штабы құрылғанын, сондай-ақ Павлодар облысы Желтау ауылында далалық жедел штабтың жұмыс істеп жатқанын айтты.

«6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында шөп өрті басталып, Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің шекарасына тарады. Өрт сөндіру жұмыстары вице-министрдің бақылауында. Министрлік күштері мен құралдары дереу жұмылдырылып, қосымша топтар Абай, Ақмола облыстары мен Астанадан жіберілді. Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның әуе көліктері де жұмылдырылды,» – деп мәлімдеді Шыңғыс Арынов.

Сонымен қатар, министр Павлодар облысы тарапынан дала өртінің толық оқшауланғанын атап өтті.

«Желтау ауылынан 18 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Павлодар облысындағы өрт толығымен оқшауланды. Қарағанды облысында да осындай нәтижеге қол жеткіземіз деп күтеміз. Барлық қажетті шаралар қабылдануда,» – деді министр.

Сонымен қатар, ол Ресейден Қостанай облысының Жетіқара ауданына тараған дала өртін сөндіру жұмыстары сәтті аяқталғанын және қазіргі жағдайдың тұрақталғанын айтты.

Тегтер: Қазақстанөрт

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz