Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодар облысында тұрғындар үйінде сақталған қаруын тапсырып, сыйақы алып жатыр

Павлодар облысының тұрғындары үйлерінде сақтаулы тұрған қаруларын тапсырып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Басылым мәліметінше, ол үшін азаматтарға сыйақы беріледі. Ал облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, аймақта тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы басталған.

«Акция басталғаннан бері облыс тұрғындары баллистикалық сараптамаға жіберілген бес қаруды тапсырды. Тек сараптама нәтижелері бойынша сыйақы төлеу туралы шешім қабылданады», — деп жазылған хабарламада.

Мысалы, Баянауыл ауданының тұрғындары 16, 20 және 32 калибрлі тегіс ұңғылы қаруды тапсырып үлгерген. Бұл үшін шамамен 221 520 теңге төленеді.

Ал Тереңкөл ауданының тұрғыны марқұм әкесінен қалған ИЖ-17, 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапсырды. Бұған шамамен 77 532 теңге төленеді.

Ведомство өкілдері заңсыз, тіркелмеген қару болса, оны тапсыру қажет екенін еске салды. Ол үшін жазбаша өтініш жазып, тұрғылықты жері бойынша полиция органдарына тапсыру керек.

Тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

Тегтер: қару-жарақПавлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz