Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодар облысында оқушылардың 40%-дан астамында көру қабілеті бұзылған

Ата-аналарға балалардың көру қабілетін сақтауға ерекше көңіл бөлуге кеңес беріледі, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

02.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен оқу жылында өңірде оқушыларды  медициналық тексеру нәтижесінде  40,2% көру органдарының патологиясы, сондай-ақ сколиоз (14,9%) және жүйке жүйесінің патологиясы (12,8%) анықталды.

«Көру органдарының аурушаңдығы бойынша негізгі жүктеме орта оқу буынына — 52,9%, яғни 5-9-сыныптарға, 27,4% — жоғары сыныптарға және 19,6% — бастауыш сыныптарға келеді. Қазіргі заманауи технологиялық және прогрессивті заманда балалар ұялы телефонмен, компьютермен ерте таныса бастайды. Кішкентай кезінен бастап гаджеттерді пайдалану баланың көру қабілетіне теріс әсер етеді», — дейді департамент өкілдері.

Мамандардың айтуынша, үй жағдайында үнемі тестілеу жүргізу маңызды. Ол үшін баланың бір көзін қалың қағаз немесе картон парағымен жауып, сурет салуды, суретті бояуды немесе мозайканы жинау ұсынылады. Содан кейін басқа көзді жабу арқылы бұл әрекетті қайталау керек. Қалыпты көру қабілеті бар бала барлық тапсырмаларды оңай орындайды.

Көру органдары аурушаңдығының өзіндік белгілері бар:

  • бала алыстағы заттарға көзін қысыңқырап қарайды;
  • оқыған немесе сурет салған кезде үстелдің үстіне еңкейіп отырады;
  • теледидарға жақын отыруға тырысады;
  • көзі жиі жасаурайды.
Тегтер: оқушыПавлодар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz