Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Павлодар облысында дала өрті болды

Тілсіз жау Сәтбаев ауылдық округі мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты жерлерді шарпыды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

08.09.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабарлама сәрсенбі күні сағат 13:35-те түскен. Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Шоқтау учаскесінде құрғақ шөп жанған.

Дала өртін сөндіруге Сәтбаев ауылының өрт сөндіру бекеті және ерікті өрт сөндіру құрылымының 30 адамы жұмылдырылды.

«Сонымен қатар Жаңажол ауылының маңындағы Тасбұлақ, Бүркітті, Қажыгелді учаскелерінде де құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау туралы 12:14-те хабар келіп түсті. Өрт 40 гектар жерді шарпыды», — делінген хабарламада.

Дала өртін сөндіруге Павлодар облысы ТЖД-нің 4 қызметкері мен 1 техникасы, Жаңажол ауылының ерікті өрт құрамасынан 40 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 17:20-да сөндірілді.

Тегтер: оқиғаПавлодарСҚО

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz