Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОСК Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты президент сайлауына кандидат ретінде ресми тіркеді

17.10.2022
Жаңалықтар

ОСК-нің кезекті отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына үміткер Жигули Дайрабаевтың кандидатурасының заң талаптарына сай келетіні және оны кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.

ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың дерегінше, үміткер «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, өмірбаян деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырған.

«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау мақсатында Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 азаматтың қолы жиналды. Бүгінгі күнге олардың 122 246-сы тексеріліп, 119 975-і анық деп танылды. ОСК-нің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен белгіленген ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін анық қолдардың санының жиналуына, яғни, 118 273-тен кем болмауына байланысты тиісті қолдарды одан ары тексеру тоқтатылды. Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажет бүкіл құжаттар ОСК-ға ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді», – деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің атап өтуінше, сайлау заңнамасының 59-бабының 5-тармағында көзделген барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде алынған.

«Осылайша, ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін барлық қажетті рәсім сақталды», – деді ол.

Осыдан кейін комиссия Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz