Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысы өтіп, онда Құрылтай депутаттары тіркелді. Іс-шараға Құрылтайдың сайланған барлық депутаттары қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026
Жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған 145 Құрылтай депутатын ресми тіркеді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, депутаттардың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.

Комиссия отырысында ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сайлау қорытындысы бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайға өткен бес саяси партияның 145 депутатын тіркеу туралы тиісті қаулылар әзірлеген.

Мандаттар партиялар арасында мынадай тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 депутат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 депутат;
  • «Ауыл» партиясы – 10 депутат;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 депутат;
  • Respublica партиясы – 9 депутат.

Нұрлан Әбдіров жаңадан сайланған депутаттардың өкілеттігі ресми тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енгенін мәлімдеді.

«Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталды. Енді сіздер – елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарысыздар. Депутаттық мандат – халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі. Ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз бен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді», – деді ОСК төрағасы.

Ол Құрылтай депутаттарының төте сайлау құқығы негізінде сайланғанын және сайлау науқанының барлық кезеңі заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылғанын атап өтті.

Отырыс қорытындысында Нұрлан Әбдіров жаңадан тіркелген Құрылтай депутаттарына депутаттық куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.

Тегтер: Басты жаңалықтарқұрылтайсайлау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz