Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олар диагноз қоя алмайды: Алматы облысында тұрғындар аурухана дәрігерлеріне шағымданды

Нарынқолдағы жалғыз аурухананың жағдайына және жергілікті медицина мамандарының біліксіздігіне тұрғындар наразы, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

11.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Олар диагноз қоя алмайды. Ауруымыздың белгілерін айтсақ, интернеттен іздей бастайды. Шынымды айтсам, олардың кәсібилігіне күмәнім бар», – дейді ауыл тұрғыны Әлібек Дәлденбаев.

Аурухананың өзі 80-жылдардың аяғынан бері жөндеу көрмеген. Медицина мекемесінің төбесінен су ағып, шамалы жел соқса, төбесі дірілдей бастайды. Қазір ауруханада 40 мыңнан аса адамға қызмет көрсетіледі.

«Жаңбыр жауса, үшінші, төртінші қабаттарды су басып кетеді. Мен өзім үшінші қабатта хирургияда жұмыс істеймін. Жаңбыр суы тамшылағанда баспалдаққа шелек қойып қоямыз», – деп мойындады хирургия бөлімінің қызметкері Жанар Ақбаева.

Аурухана әкімшілігінің өзі медицина қызметкерлері жетіспейтінін, науқастар легі азаймай отырғанын мойындап отыр.

Бұған дейін облыс әкімі Райымбек ауданында болып, жергілікті аурухана мен тағы бес ауылдық дәрігерлік амбулаторияны жөндеуден өткізу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет екенін айтқан болатын.

Тегтер: Нарынқол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz