Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Өскеменде арзан қант алмақ болған тұрғындар 90 млн тенгесінен айырылды

ШҚО-да жүздеген адамды тақырға отырғызған 29 жастағы келіншек ұсталды, деп хабардайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

23.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Күдікті алдымен әлеуметтік желіде қант сататынын айтып, жарнаманы жан-жаққа таратқан. Байланысқа шыққан адамдармен жылы-жылы сөйлесіп, алдын-ала төлем жасауды сұрайды.

Осылайша, аз уақыттың ішінде халықтан 90 миллион теңге жинап алады. Бірақ бірде-бір тапсырыс орындалмады.

Қала тұрғындары алданып қалғандарын түсінгеннен кейін бірден полицияға арыз жазған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары алаяқ әйелді ұстады. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қызға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды», – дейді облыстық полицияның ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.

Айта кетері, халықты алдап кеткен келіншек үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.

Тегтер: қантӨскеменШҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz