Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Өлке тынысы» ЖШС журналистерінің жалақысы мен лауазымы: блогер Сандуғаш Дүйсенова таратқан ақпаратқа компания жауап берді

"Өлке тынысы" ЖШС блогер Сандуғаш Дүйсенованың компаниядағы жалақы мөлшері мен лауазымдарға қатысты таратқан ақпаратының шындыққа сай келмейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Талдықорғандық белсенді Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желілерде «Өлке тынысы» ЖШС-нің жалақы мөлшері туралы мәлімет беретін құжатын жариялады (ЖШС құрамына «JETISÝ» мен «Огни Алатау» облыстық газеттері және Alataunews.kz ақпараттық агенттігі кіреді).

Блогер «Jetisý» және «Огни Алатау» журналистерінің жалақысы неге «Өлке тынысы» ЖШС жетекшілеріне қарағанда төмен екенін сұрады. Ол журналист небәрі 100 мың теңге, ал «Өлке тынысы» ЖШС директорының кеңесшісі 400 мың теңге алады деген сауалды алға тартты. «Өлке тынысы» ЖШС бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Келтірілген ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені ол ресми құжаттармен расталмаған», – деп көрсетті компания өз жауабында.

Кәсіпорынның бекітілген штаттық кестесіне сәйкес, 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап кеңесші, директордың орынбасары мен шолушы штаттары қысқартылды.

«Қазіргі таңда директор орынбасарларының саны екеу», — делінген жауапта.

Журналистердің жалақысына келер болсақ, корреспонденттерге белгіленген жалақыдан бөлек істеген жұмыс көлеміне сәйкес қосымша қаламақы төленеді. Ал мұндай тәжірибе қазақстандық, сондай-ақ шетелдік көптеген компанияларда бар, бұл әдіс шығармашылық қызметкерлерді қаржылық жағынан ынталандыру үшін қолданылады.

Тегтер: жалақыЖетісу облысыЖШСлауазым

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz