Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Несиесі бар қазақстандықтар жаңа қарыз ала алмайды —Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚР-ның сақтандыру нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша кейбір актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі, Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

12.07.2022
Жаңалықтар, Саясат
Ақорда баспасөз қызметі

Ақорда баспасөз қызметі

Ресми мәліметке сүйенсек, берілген қарыздар туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсыну мерзімі 15-тен бір жұмыс күніне дейін қысқарады.

«Микроқаржы ұйымдарынан қарыз алушылардың борышын  азайту үшін микрокредит бойынша артық төлем мөлшерін екі есе — микрокредит сомасының 100%-ынан 50%-ына дейін қысқартуды көздеп отырмыз», — деп ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова бұған дейін атап өткен еді.

Сондай-ақ осы заң аясында азаматтардың өмірін сақтандыру қолға алынады. Бұл жоба мемлекеттік білім алу жинақтау жүйесінің және біріккен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитетіне сүйене отырып жасалады.

Банк депозиттеріне қарағанда, адам өмірін сақтандыру жобасы білім алу үшін қаржы жинауға мүмкіндік беріп қана қоймай, әрі қосымша сақтандыру қорғанышы бола алады. Егер келеңсіз оқиға болып жатса, сақтандыру компаниялары жинақталған ақшаның сомасына қарамастан оқудың ақысын толық төлейді.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz