Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Наурызбай ауданында 1 қыркүйекке дейін 2 мектеп ашылады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

18.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қала әкімі жаңа оқу жылы басталғанша Қалқаман және Қарғалы шағын аудандарында 2400 орындық 2 мектеп ашылатынын жеткізді.

«Жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Олар «Алма сити — 5» аумағындағы 1 200 орындық (90%, қазанда аяқталады) және Қалқаман шағын ауданы, Абай даңғылындағы 1 500 орындық (75%) мектептер. Сонымен қатар, Шұғыла шағын ауданындағы «Әлем сити», «Алма сити — 4» тұрғын үй кешендерінің аумағында Qazaq Stroy 1 200 орындық 2 мектептің құрылысын салып жатыр. Келесі жылы 3-тоқсанда пайдалануға беріледі», — деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, Құрамыс шағын ауданындағы 1 200 орындық, Шұғыла шағын ауданындағы 1 600 орындық 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалып жатыр. Құрылыс 2023 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланған.

«Шұғыла шағын ауданындағы №174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Бұл жұмысты алдымыздағы желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылы 2-тоқсанда бастаймыз», — деп толықтырды қала әкімі.

Тегтер: мектепоқу жылы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz