Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мұзтау шыңында туристің жарақаттануына байланысты туркомпанияларға тексеру жүргізілмек

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Мұзтау шыңында туристің жарақат алуына байланысты туркомпанияларға тексеру жүргізілмек.

29.07.2023
Жаңалықтар

Катонқарағай ауданы Мұзтау шыңындағы Сәрсембай учаскесінде 22 шілде күні оқыс оқиға болған еді. Тауға шығып бара жатқан 27 жастағы әйел аттан құлап, жарақат алып, есінен айырылды. Құтқарушылар мен дәрігерлер оны шұғыл түрде тікұшақпен ауруханаға жеткізген.

Бүгін ШҚО әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев туристерді тауға шығаратын осындай компанияларды түгел тексеру керектігін жеткізді. Себебі, өңірдегі көптеген туристік бағыттар, әсіресе Алтай тауының ең биік нүктесі — Мұзтау шыңы мен Берел қорымына апаратын таулы жерлер жолаушыға қиын әрі қауіпті.

«Сол жерлерге арнайы тур ұйымдастыратын кәсіпкерлер туристердің қауіпсіздігін қаншалықты қамтамасыз ете алады? Осыны анықтау үшін туркомпанияларды тексеру қажет. Мораторийді қалқан қылу керек емес. Себебі, мұнда адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі тұр», — деді әкім.

Тегтер: тексерісШҚО

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz