Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Мұхтар Қожаев: 1729 қару мен 42 мың оқ-дәрі анықталды

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды іздеп тауып, тәркілеу бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Орталық коммуникация қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

18.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалық

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды іздеп тауып, тәркілеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаевтың айтуынша, бүгінгі таңда «Құқықтық тәртіп» және «Қару» жедел-профилактикалық шараларын өткізу барысында 1729 қару мен 42 мың оқ-дәрі анықталып, заңсыз айналымнан алынды. Оның ішінде:

13 граната атқыш;

6 оқ жаудырғыш;

169 автомат;

374 тапанша;

266 травматикалық және газды қару тәркіленді.

«Өткен екі апта ішінде ғана 40-тан астам қару тәркіленді және оларды жасырын сақтайтын 125 орын жойылды. Мәселен, 4 шілдеде Алматы қаласында полиция және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру шараларының барысында қаруды сақтау орны табылып, ол жерден Макаров тапаншасы, шолақ аңшылық мылтығы, травматикалық тапанша мен 30 оқ-дәрі алынған. Сол күні Тараз қаласында Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерімен жаңадан салынған үйлердің арасындағы алаңқайдан 4 граната, Калашников автоматының 60 оғы және Макаров тапаншасының 25 оғы табылды. Сондай-ақ, осы қалада 5 шілде күні полиция қызметкерлері тұрғын үйдің жанынан Макаров тапаншасы, жарық-дыбыс гранатасы және әртүрлі калибрлі 54 дана оқ қолға түсті. 15 шілде күні Алматы облысының полиция қызметкерлерімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері бірлесіп қаруды бүркемеленген кезекті сақтау орны табылып, ол жерден 12 калибрлі кесілген шолақ мылтық, 12 калибрлі аңшы мылтық, газ гранатасы және 25 дана Макаров тапаншасының оқ дәрісі тәркіленді», — деді спикер.

Айтуынша, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтармен ерікті түрде тапсырылған қарудың саны 212 бірлікке дейін жетті. Өкінішке орай, заңсыз айналымдағы ұрланған қарудың саны әлі көп.

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы барысында зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынның өтелуін қамтамасыз етуге күш барынша жұмсалып жатыр. Бұл ретте ІІМ өкілі азаматтарға, қару тапқан жағдайда оны өз еркімен тапсыруға шақырды.

Тегтер: қаңтар оқиғасықаруоқ-дәрі

Соңғы жаңалықтар

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Қазақстан–АҚШ тікелей рейстері: Президент Air Astana жетекшісімен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт суытады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz