Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды

Қызылордалық айтыс ақыны Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыстан бас жүлде алып қайтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Бұл жөнінде облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын», — деген қуанышты хабарын жеткізді басқарма басшысы.

Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1985 жылдың 4 қарашасында дүниеге келген. Алғашқыда жазба ақын ретінде қалам тартқан ол айтыс өнерін аудандық оқушылар айтысына қатысудан бастады. Мұхтар облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері.

Ол елімізде «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері. Сондай-ақ, көптеген айтыста жеңімпаз болса, бірқатарында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қазақстан барысына» Қызылордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Тегтер: Қырғызстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz