Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мұғалімдер аттестациядан өтуге құжат жинамайды – Бейсембаев

Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев айтты.

04.04.2023
Жаңалықтар

«Мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау аттестаттау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі қолданыстағы ережелерге сай аттестаттау рәсімі 3 кезеңнен тұрады – біліктілікті бағалау, қызмет нәтижелерін кешенді талдау, білімді бағалау», – деді ол.

Оның мәлімдеуінше, аттестаудағы негізгі мәселелер, бұл – педагогтердің электронды және қағаз нұсқада жинайтын құжаттарының көптігі, аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарау уақытының ұзақтығы, тест тапсырмаларының сапасы. Мұны жіті зерттеп, сапалы шешу үшін министрлік жанынан білім саласының сарапшыларынан жасақталған жұмысшы тобы құрылғанын айтты.

«Аттестаттау процесін автоматтандыру қолға алынды. Қарапайым тілмен айтқанда, аттестация жүйесі «бір батырма» принципімен жүргізілетін болады. Яғни, мұғалім тек аттестациядан өтуге ниет білдіргенін растайды, ал аттестациядан өтушінің жеке құжаттары және оның біліктілігінің деңгейін анықтайтын тиісті материалдарды ақпарттық жүйе өзі автоматты түрде жинақтап, талдап, қысқа уақыттың ішінде қорытындысын шығарады. Бұл адами факторды толықтай шектеп, объективтілік пен транспаренттікті орнатуға ықпал етеді», – деді Ғани Бейсембаев.

Бейсембаевтың айтуынша, жоспарланған жаңа өзгеріс педагог қызметінің жоғары кәсібилігі мен жетістігін оқушылардың нәтижелі көрсеткіштерімен тікелей байланыстыруға басымдық беріледі.

«Педагогтердің аттестациядан өту аралық мерзіміне сәйкес зейнеткерлік жасқа дейін 5 жыл қалған педагогтерді, егер олар жұмысын әрі қарай жалғастырмайтын жағдайда, аттестаттау рәсімінен босату қарастырылып жатыр», – деді ол.

Тегтер: аттестацияқұжатмұғалім

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz