Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мүгедектігі бар азамат министрдің кеңесшісі болады

Мүмкіндігі шектеулі Шымкенттік Алмаз Өткіров ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болады. Ажар Ғиният онымен онлайн форматта кездесу өткізіп, алдағы уақытта бірге жол картасын әзірлейтінін айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Алмаз министрге мүгедектердің медициналық көмекке қатысты құқықтары туралы пікірін білдірді. Ол ауыр созылмалы аурулармен ауыратын, жоғары технологиялық қымбат операцияларға мұқтаж ерекше адамдардың проблемаларына көп көңіл бөлгені үшін алғысын да жеткізді.

«Алмаз Өткіров денсаулық сақтау саласындағы мүгедектігі бар адамдардың жағдайы, сондай-ақ жалпы әлеуметтік жүйе бойынша өте өзекті сұрақтар қойды. Оның ақылға қонымды сөзін тыңдап, оған мүгедектігі бар адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі кеңесшім болуды ұсындым. Ерекше адамдардың денсаулығын қолдау, өмір сүру сапасын жақсарту тұрғысынан проблемалар шешуді қажет етеді. Алмаз Өткіровты мүгедектер құқықтары жөніндегі кеңесші етіп тағайындау туралы бұйрық шығарылады. Біз бірге жол картасын, жұмыс жоспарын жасаймыз және осындай қиын жағдайға тап болған адамдарға біртіндеп көмектесеміз», — деді министр.

Кездесу барысында министр профессор, «А. Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы, профессор Болат Баймахановпен, доктор Эдуард Шинмен терінің ойылуы болған жағдайда хирургиялық көмек көрсету, теріні ауыстырып салу операцияларын жүргізу мүмкіндігі, науқастардың осы санаты бойынша медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде осы шығыстарды төлеу мәселелері талқыланды.

Тегтер: министр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz