Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлік су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескісі келетіндерге үндеу жасады

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2024
Жаңалықтар

Олар гуманитарлық көмек пункттерін ашып, сақтық шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шараға 50-ге жуық волонтер қатысып жатыр. Олар 150-ден астам тұрғындарды су басқан жерлерден эвакуациялап, қауіпсіздік және құтқару қызметтерінің өкілдеріне ыстық шай мен тамақ үйлестіріп көмек қолын созды.

Ақтөбе облысында 4 мың ерікті жұмылдырылды.

Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында арнайы пункттер мен волонтерлік штабтар ашылды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жинақталған 400-ден астам ерікті тартылды. Волонтерлер суға кетуі мүмкін аулалардан қар шығарды.

«Егер сіз су тасқынынан зардап шеккендерге көмектескіңіз келсе, жергілікті ұйымдарға немесе аймақтық төтенше жағдай кезінде еріктілердің қызметін үйлестіретін фронт-кеңселерге хабарласыңыз», — делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тегтер: көмекминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Акжаркын
26.11.2026

Алматы облысында құны 30 млн долларды құрайтын жаңа өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Акжаркын
26.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
26.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
26.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
26.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz