Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады

Туризм және спорт министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде лотерея ойнату заңға қайшы екенін ескертті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру дерегі жиілеген. Министрлікке алданған адамдардан шағымдар көбейген.

Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, интернетте тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

«Тексеріс барысында Instagram-дағы жеке парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды», — деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдаған. Бұдан бөлек, 35 дерекке қатысты хаттама дайындауда.

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңға сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты қазақстандықтарға заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», — деп жазылған хабарламада.
Тегтер: әлеуметтік желіминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz