Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлік мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізеді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізбек. Оның тәртіптері мен ережелері ашық талқыға шығарылған ведомствоның бұйрығында жазылған.

02.11.2022
Жаңалықтар

Министрліктің ұсынысы бойынша енді ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, жейде киюге болады. Ал қыс мезгілінде тоқыма көкірекше пен мойны қайырмалы киімге (водолазкаға) рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Дегенмен қыс мезгілінде оларға тоқыма кеудеше, қайырма киімнен (водолазкадан) бөлек, сарафан кию ұсынылады.

«Бұл уақытқа дейін болған мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті жейде киуі туралы норма алынып тасталады. Сонымен қатар, мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады», — деп көрсетілген бұйрықта.

Құжатта жазылғандай, білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Десек те бұл орайда жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге болмайды. Жаңа өзгеріске ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындайтын редакция енгізілген.

Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды.

Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Тегтер: мектеп формасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz