Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлік іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталғанын мәлімдеді

Қазақстанда іздеуде жүрген 100-ге жуық қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2024
Жаңалықтар, Қоғам

1-18 шілде аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ІІМ жедел қызметтері 97 қылмыскерді ұстады, оның 28-і шет мемлекеттердің сұрауы бойынша. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 115 адамның орналасқан жері анықталды.

Алматыда іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды. Ер адам көрші мемлекеттің ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті бөлген 400 млн теңгеден астам субсидияны жымқырды деп күдікке ілінген. Маңғыстау полицейлері Жаңаөзен тұрғынына дене жарақатын келтірген бұзақыны ұстады. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды.

Айта кету керек, қылмыскерлерді іздестіру тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, сонымен қатар халықаралық келісімдер негізінде шет елдерде де жүзеге асырылып, онда іздестіру топтары жіберіледі. Мәскеу облысының Химки қаласында ресейлік әріптестермен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде қазақстандық азаматтар құрықталды. Олар өткен жылдың қаңтар айында Шымкентте жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Жәбірленушілердің бірі алған жарақаттарынан көз жұмған.

Бұл іс бойынша барлық күдіктілер ұсталды. Санкт-Петербург қаласында 36 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2019 жылы семейлік тұрғынды алдап, құны 50 млн теңге болатын бульдозерді иемденген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құзырлы органдары ұсталғандарды экстрадициялау туралы мәселені қарастырып жатыр.

Тегтер: қылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz