Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министр ауылдан шыққан чемпиондар мен бапкерлерді марапаттады

Астанада Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанатында ауыл спортына серпін берген Auyl Sport жобасының спортшылары мен жаттықтырушыларына ерекше құрмет көрсетілді. Жасөспірімдер мен бапкерлерге Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2025
Жаңалықтар

Марапатты Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстады.

Салтанатты сәтте балалардың қуанышы ерекше сезілді. GYMNASIADE U15 сайысының жеңімпазы Нұртас Әлімбай толқынысын жасырмады.

«Auyl sport жобасы арқылы бұрын тек арман болып көрінген дүниелер шындыққа айналды. Министрдің қолынан марапат алу – мен үшін қол жетпейтін биік секілді еді. Бүгін сол арманым орындалды. Бұл – тек менің ғана емес, мен секілді мыңдаған ауыл баласының үмітіне жол ашқан жоба», — деді жас спортшы.

2024 жылы іске қосылған жоба қысқа уақытта еліміздің барлық өңірлерінде кең қолдау тапты. Бүгінде 10 мыңнан астам бала жүйелі түрде спортпен айналысып жүр.

Жобаның айқын жетістігі – Сербиядағы халықаралық Гимназиада. Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен 22 спортшының 12-сі – дәл осы бастама аясында тәрбиеленген жастар.

«Министрлік тарапынан берілген бұл марапат – Auyl sport жобасының жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі, жобаға деген сенім мен алғыстың белгісі ғана емес, ауылдағы жас дарындардың биікке ұмтылуына берілген үлкен серпін. Бұл құрмет – болашақ жеңістердің бастамасы, Қазақстанның атын әлемдік ареналарда асқақтататын жаңа есімдердің жарқын негізі болмақ».Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов

Auyl sport жобасының алғашқы кезеңінде 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала қатысты. Halyk қоры ауыл спортына 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді.

Тегтер: қазақстанспорт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Алматы облысында былтыр жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Алматы облысында әлеуметтік желідегі қарумен түскен видеоға байланысты полиция тексеру жүргізді

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының негізі

Акжаркын
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz