Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Метеорологтар алдағы 5 жылда адамзатты ең ыстық жыл күтіп тұрғанын айтты

Соңғы сегіз жыл тарихтағы ең жылы кезең болды. Ал Қытай мен Еуропада жаз өте ыстық болған. Сондықтан метеорологтар климаттың өзгеруіне байланысты жаңа катаклизмдерге дайындалуды ұсынды. Бұл туралы alataunews.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

19.05.2023
Жаңалықтар

БҰҰ-ның дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы алдағы бес жылға арналған болжамды жаңартты. Оған сәйкес 2023-2027 жылдары орташа температура өткен бес жылдықтан да жоғары болуы мүмкін. Ғалымдар ықтималдық деңгейі 98% екенін айтады. Сәйкесінше ең ыстық жыл ретінде тіркелген 2016 жылдың рекорды да жаңарады.

«Жерде температура көтеріле береді. Ал үйреншікті климат туралы біз тек тарихтан ғана оқитын боламыз», – деді болжамды жасаған ғалымдардың бірі Леон Хермансон.

Ғаламдық жылынудың орнауына адамның іс-әрекеті себеп болып отыр. Дүниежүзілік метеорология ұйымының бас хатшысы Петтери Таалас мұның салдарымен күресу үшін адамзаттың қауқары жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

«Бұдан шығатын қорытынды келесідей: біз әлі ғаламдық жылынуды тоқтата алмай отырмыз, демек кері бағытта келе жатырмыз. Салдарынан денсаулыққа, қоршаған ортаға орасан зор зиян келіп, тамақ пен су қолжетімсіз болады. Осыған дайындалу керек», – деді Петтери Таалас.

Климаттың өзгеруі планетаның салқындату жүйесіне, су мен ауа айналымына зақым келтіреді. Аяз, құрғақшылық, дауыл мен орман өрттері, су басу деректері жиілейді. Салдарынан кедейлік деңгейі, мәжбүрлі миграция мен шығын артады.

Сондай-ақ температураның көтерілуі салдарынан көз жұматын адамдар көбейеді. 2022 жылы Еуропада жаздың ыстық болуынан өлген адамдар саны 15 мыңнан асып кеткен. 2010 жылы құрбандар саны 50 мың болса, 2003 жылы 75 мың адамның өмірін қиған.

Тегтер: метеорологыстық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz