Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды

Бүгіннен бастап мерзімді қызметке әскерге шақыру басталды.

01.03.2023
Жаңалықтар

Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов айтты.

«Бүгінен бастап жергілікті атқарушы органдардың 195-ші әскерге шақыру пункттерінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайды. Оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылы 12 шілдеге дейін Қарулы күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ 18-бен 27 жас аралығындағы 18 мыңнан астам ер-азамат толықтырады. Соның ішінде Қарулы күштерді 7 мыңнан астам, Ұлттық ұланды 6 мыңнан астам, ҰҚК Шекара қызметін 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігін 3 мыңнан астам, Мемлекеттік күзет қызметін 80-нен астам адам толықтырады», — деді Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіледі.

«Әскерге шақырылуға тиісті ер-азаматтарды хабардар ету дербес шақыру қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізіледі. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап әскерге шақырушыларды СМС-хабарлама жолдау арқылы хабардар ету жүргізіліп жатыр», — деді ол.

Тегтер: әскермерзімді қызметшақыру

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz