Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшіні артық жұмсаған лауазымды тұлға 40 АЕК айыппұл арқалайды

Елімізде мемлекеттік қызметшілерді негізгі міндеті мен шамадан тыс жұмсаудың жауапкершілігі бұрыннан бар. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтып отыр.

15.03.2023
Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызметшіні нормадан тыс жұмсау жағдайындағы жауапкершілік жаңашылдық емес. Бұрыннан бар. Бүгінде мемлекеттік қызметшінің артық жұмыс істеуі бойынша мониторинг жүргізу біздің агенттіктің құзыретіне берілген. Егер мониторинг аясында артық жұмсау фактісі тіркелсе, ол бойынша тексеріс жүреді. Оның нәтижесінде факті расталса, әрине жауапкершілік қарастырылған», — деді Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кінәліні бірден жауапқа тартпай, ескерту жасалуы да мүмкін. Ол жағы болған фактіге байланысты.

«Лауазымды тұлға болса, оған 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде (шашамен 138 мың теңге) айыппұл қарастырылған. Жалпы, соңғы уақытта мемлекеттік қызметшілердің қалың ортада оң имиджін қалыптастыру және жастар арасында тартымдылығын қамтамасыз етуде қажетті шаралар қабылданып жатыр деп есептеймін. Аталған проблема бұрыннан келе жатыр. Біз оны жаңа заң жобасы аясында шешуге тырыстық», — дейді ол.

Тегтер: айыппұл

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz